Келу ережелері
Жазғы мұз айдынына келу ережелері
«МЕДЕУ» мұз айдыны» мұз айдынына келушілер міндетті:
1. Мұз айдынында сырғанауға қатысушылардың барлығына құрметпен қарауға;
2. Барлық қызметтерді www.medeu.kz ресми сайтында немесе «МЕДЕУ» аумағындағы техникалық қолдау терезесінде тек онлайн төлеуге.
3. Кешеннің мүлкіне және жалға берілетін жабдықтарына ұқыпты қарауға;
4. Тек сағат тіліне қарсы сырғанауға;
Тыйым салынады:
• «МЕДЕУ» мұз айдыны» аумағына спирттік ішімдіктерді әкелуге және тұтынуға;
• Мұз айдынына алкогольдік немесе есірткілік мас күйде келуге;
• Арнайы жабдықталған аумақтан тыс жерде темекі шегуге;
• Мұзды дайындау кезінде мұз алаңында болуға;
• Сеанс аяқталғаннан кейін мұз айдынының аумағында қалуға;
• Балаларды қолға алып, арбаға немесе шанаға салып сырғанатуға;
• Конькимен мұздан немесе резеңке еден жабынынан тысқары шығуға;
• Мұзға тамақпен және сусындармен шығуға;
• Мұзға конькисіз шығуға;
• Қатты сырғанауды, мәнерлеп сырғанаудың кәсіби элементтерін, сырғытпа таяқпен сырғанауды, моноподпен (селфи - «таяқ») сырғанауды қолдануға
• Коньки мен басқа жалға беру жабдықтарын кешеннен тысқары жерге шығаруға.

Ережелерді бұзғаны үшін Әкімшілік тәртіп бұзушыдан төленген қызметтердің құнын өтеместен Кешен аумағынан кетуді талап етуге құқылы.
Сырғанау кезінде алған жарақаттары үшін Кешен әкімшілігі жауап бермейді.
Мұз айдынының аумағынан уақытша шыққан кезде, бақылаушыға мұзға кіру билеттерін қайта ұсыну қажет.
Төленген билеттер мен қызметтер билетте көрсетілген күн мен сеанс үшін ғана жарамды.

СІЗГЕ ЖАНҒА ЖАҒЫМДЫ ДЕМАЛЫС ТІЛЕЙМІЗ!

«МЕДЕУ» мұз айдыны» ЖАЗҒЫ ОРТАЛЫҒЫ
Билеттерді тек www.medeu.kz сайтынан және Kaspi.kz қосымшасында сатып алуға болады. Конькимен сырғанау билеттерінің саны шектеулі.
• Конькимен сырғанаусыз тегін кіру құқығына келесі тұлғалар ие: 0-6 жас аралығындағы балалар; зейнеткерлер; Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары; Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар; 1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар; көп балалы отбасынан шыққан, 8 жасқа толмаған балалар; балалар үйінің тәрбиеленушілері. Бұл тұлғалар бақылау-өткізу пунктінде растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
• Ілесіп жүретін адамдар кіру билетінің құнын төлеуі қажет.
• 14 жасқа дейінгі балалар «Медеуге» тек ересектермен бірге жіберіледі. Бұл ретте еріп жүретін адам да кіру билетінің құнын төлеуі қажет.
• Жабық мұз айдынына кіру үшін Конькимен сырғанау үшін кіру билетін сатып алу қажет.
• Роликтермен сырғанау үшін Конькимен сырғанаусыз кіру ақысын төлеу жеткілікті.
• Билеттерді сату коньки тебу сеансының аяқталуына 15 минут қалғанда аяқталады.
• Конькимен сырғанау және қызметтерге төленген кіру билеттері билетте көрсетілген күн мен сессияға ғана жарамды.
• Конькимен сырғанаусыз кіру билеттері билетте көрсетілген күні бойы жарамды.
• Егер сіз кіру билеттерін конькимен сырғанаусыз сатып алсаңыз және мұз айдынына кіруді шешсеңіз, конькиді жалға беру пунктінен қосымша билет сатып алуыңыз қажет.

Ережелердің толық нұсқасымен www.medeu.kz сайтында танысуға болады