«МЕДЕУ» мұз айдынында» СЫРҒАНАУ РЕГЛАМЕНТІ

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау. «МЕДЕУ» мұз айдынының» әкімшілігі уәкілетті орган әзірлеген және келісілген уақытша шектеулерді белгілейді. Бұл шектеулер маусым ішінде өзгертілуі мүмкін. Ресми хабарларды мұз айдынының сайтында қадағалаңыз.

Маусым ашылған сәттен бастап келесі уақытша шектеулер енгізіледі:

- Объектіде бір уақытта 3000-ден артық адам болмауға тиіс. Максималды мәнге жеткенде сеансқа сатылымдар жабылады;
- Жедел респираторлық ауру белгілері (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) болған кезде объектіге кіруге – ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;
- Объект аумағына бетпердесіз кіруге – ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;
- Кіру билеттері «МЕДЕУ» мұз айдынының» www.medeu.kz ресми сайтында, сондай-ақ ресми серіктестердің ресурстарында тек қана онлайн сатылады;
- Ішкі үй-жайларға кіру, конькиді жалға беру және күту аймақтары бір адамға 8 ш. м. есебінен шектелген;
- Мұзда сырғанау міндетті түрде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және 3-5 адамнан аспайтын топпен (бір отбасы мүшелері) сағат тіліне қарсы жүргізіледі;
- «МЕДЕУ» мұз айдынының» Әкімшілігі келушілерді әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, спорт кешенінің мінберлеріне отырғызуды қамтамасыз етеді;
- Кіру турникеттерінде және жалға беру аймағында кезектердің жиналуын болдырмау мақсатында демалыс және мереке күндері мұз айдынына кіру сеанс басталғанға дейін 30 минут бұрын ашылады. Мұзға шығу кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
«МЕДЕУ» мұз айдынына келушілер міндетті:
1. Мұз айдынына қатысушылардың барлығына құрметпен қарауға;
2. Барлық қызметтерді www.medeu.kz ресми сайтында, сондай-ақ ресми серіктестердің ресурстарында тек онлайн төлеуге;
3. Кешеннің мүлкіне және жалға алынған жабдыққа ұқыпты қарауға;
4. Мұз жолында тек сағат тіліне қарсы жүруге;

Тыйым салынады:

  • «МЕДЕУ» мұз айдыны» аумағына спирттік ішімдіктерді әкелуге және ішуге;
  • 12 жастан асқан балаларға «Medey kids» алаңына кіруге;
  • Мұз айдынына алкогольдік немесе есірткілік масаю күйде келуге;
  • Кешен аумағында арнайы жабдықталған орыннан тыс жерлерде темекі шегуге;
  • Мұзды дайындау кезінде мұз аренасында болуға;
  • Сеанс аяқталғаннан кейін Кешен аумағында қалуға;
  • Балаларды қолда ұстап, арбамен және шанамен сырғанатуға;
  • Конькимен мұздан немесе резеңке еден жабынынан тысқары шығуға;
  • Мұзға тамақпен және сусындармен шығуға;
  • Мұзға конькисіз шығуға;
  • Агрессивті сырғанауды, мәнерлеп сырғанаудың кәсіби элементтерін, таяқпен сырғанауды, моноподпен сырғанауды (селфи - «таяқ») қолдануға;
  • Конькиді және жалға алынған өзге де құрал-саймандарды кешеннен тысқары шығаруға.
Ережелерді бұзғаны үшін Әкімшілік тәртіп бұзушыдан төленген қызметтердің құнын өтеместен Кешен аумағынан кетуді талап етуге құқылы.
Сырғанау кезінде алған жарақаттар үшін Кешен әкімшілігі жауап бермейді.
Кешен аумағынан уақытша шыға отырып, бірінші турникеттегі бақылаушыдан бір сеанс шеңберінде қайта кіру мүмкіндігі үшін рұқсатнама алу қажет. Рұқсатнаманы үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Төленген билеттер мен қызметтер билетте көрсетілген сан мен сеанс үшін ғана жарамды.

СІЗДЕРГЕ ЖАҚСЫ ДЕМАЛЫС ТІЛЕЙМІЗ!

«МЕДЕУ» мұз айдынында

(бұдан әрі – «Кешен») мұзда сырғанау

КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы ережелердің мақсаты – «МЕДЕУ» мұз айдыны» аумағында мұзда сырғанау қызметтерін пайдалану кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • Кешенге келуші – белгіленген Тарифтерге (кесте, ұсынылатын қызметтердің тізбесі мен құны ақпараттық стендтерде, сондай-ақ www.medeu.kz сайтында көрсетілген) сәйкес кіру билетін төлеген тұлға;
  • Кешен – жалға беру павильондарын, техникалық құрылыстар мен жабдықтарды, мінбелерді, көркем безендіру элементтерін және мұз аренасын қамтитын кеңістік.
  • Келуші өзі үшін сырғанаудың қауіпсіздік дәрежесін өз бетінше анықтайды, сырғанау туралы шешім қабылдайды және өзінің денсаулығына Кешенге келуден туындаған қолайсыз салдар үшін тәуекелді алады. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы сырғанаудың қауіпсіздік дәрежесін өз бетінше анықтайды, баланың сырғанауы туралы шешім қабылдайды және оның денсаулығына Кешенге келуден туындаған қолайсыз салдар үшін тәуекелді алады.
  • Кешенге кіру кіру билеттері бойынша жүзеге асырылады. Кіру билеттерін және қосымша қызметтерді сату (конькилерді, қорғаныс жабдықтарын жалға алу, қосалқы құрал-жабдықты, нұсқаушы қызметтерін жалға алу) www.medeu.kz ресми сайтында және ресми серіктестердің ресурстарында жүзеге асырылады.
  • Қызметтерді www.medeu.kz ресми сайтынан және серіктестердің сайттарынан тыс жерде төлеуге қатаң тыйым салынады. Әкімшілік үшінші тұлғаларға төленген қызметтерді көрсетуден бас тартуға құқылы.
  • Кешенге кіру белгіленген қозғалыс бағыттарына сәйкес Орталық қақпа (солтүстік), Солтүстік-шығыс қақпа арқылы жүзеге асырылады.
  • Кешенге кіру сеанс басталғанға дейін 30 минут бұрын ашылады. Карантиндік шаралар немесе ауа райы қиын болған жағдайда Әкімшілік инфрақұрылымды келушілерді қабылдауға тиісті дайындау үшін сеанстың басталуын кешіктіру құқығын өзіне қалдырады.
  • Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында демалыс және мереке күндері турникеттер сеанс басталғанға дейін 30 минут бұрын ашылады, мұзға шығу кестеге сәйкес жүргізіледі. Сеанс басталғанға дейін келушілер конькиді жалға алуда, кафеде, 2-қабаттағы аяқ киімді ауыстыру аймағында, сондай-ақ мінберлерде бола алады.
  • 14 жасқа дейінгі балаларға мұз аренасында қорғаныс шлемдерін, тізе төсемдерін және шынтақ төсемдерін киіп жүруге кеңес беріледі.
  • 12 жасқа дейінгі балаларға «Medey kids» алаңының аймағында сырғанауға кеңес беріледі. Қауіпсіздік мақсатында балаларды «Кит» көмекшілерімен балалар алаңынан тыс жерде сырғанатуға кеңес берілмейді.
  • Билетіңізді сеанстың соңына дейін сақтаңыз. Билетте барлық төленген қызметтердің тізімі бар. Конькилерді, көмекшіні алу, нұсқаушының қызметтерін және басқа ақылы қызметтерді пайдалану үшін штрих-коды/QR-коды бар билетті көрсету қажет.
  • Конькиді жалға беру пунктіне кіру санитарлық және эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып, 1 кіру (бірінші кіру есігі), 2/3/4 шығу (кіру есігі) арқылы жүзеге асырылады.
  • Жалға беру қызметтерін пайдалану үшін жалға беру операторына төленген билетті көрсету қажет. Конькилерді және/немесе қорғаныс жиынтығын берген кезде билетке арнайы белгі қойылады. Бұл белгі турникетті бұғаттайды және клиентке мұз айдынынан шығуға мүмкіндік бермейді.
  • Жалға алынған құрал-жабдықты пайдалану аяқталғаннан кейін Келуші конькилерді/құрал-жабдықты қайтаруға міндетті. Жалға беру операторы құрал-жабдықты қабылдап алып, билеттен белгіні алып тастайды. Клиент өз билетін баса отырып, кіру/шығу турникеті арқылы Кешеннен кедергісіз өте алады.
  • Конькиді/құрал-жабдықты жалға алмас бұрын, Келуші оларды тексеруге міндетті. Келушілердің құрал-жабдықты алу фактісі конькилер мен құрал-жабдықтың тиісті техникалық күйде екенін және пайдалануға жарамды екенін растайды.
  • Жалға беру қызметін пайдалану аяқталғаннан кейін Келуші табиғи тозуды ескере отырып, конькилерді/құрал-жабдықтарды Келуші қабылдаған күйде қайтаруға міндетті.
  • Жоғалған немесе бүлінген жағдайда (жалға алынған құрал-жабдықты жалға беру пунктінде қабылдап алғаннан нашар, табиғи тозудан тыс қайтарған жағдайда) Келуші қолданыстағы Тарифтерге сәйкес жоғалған/бүлінген құрал-жабдық құны мөлшерінде материалдық залалды өтеуге міндетті.
  • Конькимен бірге сіз бір реттік шұлық аласыз;
  • Конькиді өлшеу тікелей беру орнында жүргізіледі және қажет болған жағдайда айырбастау жүзеге асырылады.
  • Киім ауыстыру аймағында немесе стендтерде қалдырылған заттар үшін әкімшілік жауап бермейді.
  • Нұсқаушылар жиналатын орын «Medey kids» алаңында орналасқан.
  • Қарды тазалау және мұзды дайындау бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты, қауіпсіздік мақсатында келушілер сеанс аяқталғаннан кейін, тіпті келесі сеансқа кіру билеті болған кезде де мұз аренасынан бірден кетуге міндетті; Кешен аумағынан – сеанс аяқталғаннан кейін он бес минуттан кешіктірмей кетуге міндетті. Шығу тиісті навигациямен жабдықталған Солтүстік-шығыс қақпасы арқылы жүзеге асырылады.
  • Кіру билетін сатып ала отырып, келуші кешенге келу ережелерімен келісетінін растайды.
  • Келесі тұлғалардың тегін кіру құқығы бар: 0 жастан 6 жасқа дейінгі балалар; зейнеткерлер; Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері; Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар; I, II және III топтағы мүгедектер; көп балалы отбасынан шыққан, 18 жасқа толмаған балалар; балалар үйінде тәрбиеленуші балалар. Бұл тұлғалар бақылау-өткізу пунктінде растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
  • Жеңілдікті билеттерді сатып алған келушілер бақылау-өткізу пунктінде растайтын құжаттарды көрсетуге міндетті.

КЕСТЕ ЖӘНЕ БАҒАЛАР:

Мұзда сырғанау сеансы
Жұмыс күндері (дс-жм)
1-ші сеанс

Кіру билеті – бір сеансы 1000 теңге

Жеңілдік билет – бір сеансы 600 теңге

Балалар билеті (7 - 13 жас) – бір сеансы 400 теңге

Конькилерді жалға алу – бір сеансы 1200 теңге

Қорғаныс жиынтығын жалға алу – бір сеансы 500 теңге

Көмекшіні (китті, итбалықты) жалға алу – сағаты 1000 теңге

Көмекшіні (китті, итбалықты) жалға алу – 30 минуты 500 теңге

Көмекшіні (пластикті) жалға алу – сағаты 1000 теңге

Аяқкиім гардеробының ұяшықтарын жалға алу – бір сеансы 300 теңге

Нұсқаушы қызметтері – сағаты 4000 теңге

Нұсқаушы қызметтері – 30 минуты 2000 теңге

Жайлы мінбер – 1 адамға 700 теңге

Жайлы мінбер – 5 адамға 3000 теңге

Конькиді қайрау:

Жалға берілетін конькилерді қайрау – бір жұбы 300 теңге

«Жүзге» лайық қайрау – бір жұбы 1000 теңге

«Алаңға» лайық қайрау – бір жұбы 1500 теңге

Z қайрау (екі еселенген жүз) – бір жұбы 2000 теңге

2-ші және 3-ші сеанстар

Кіру билеті – бір сеансы 2300 теңге

Жеңілдік билет – бір сеансы 1200 теңге

Балалар билеті (7 - 13 жас) – бір сеансы 600 теңге

Конькилерді жалға алу – бір сеансы 1200 теңге

Қорғаныс жиынтығын жалға алу – бір сеансы 500 теңге

Көмекшіні (китті, итбалықты) жалға алу – сағаты 1000 теңге

Көмекшіні (китті, итбалықты) жалға алу – 30 минуты 500 теңге

Көмекшіні (пластикті) жалға алу – сағаты 1000 теңге

Аяқкиім гардеробының ұяшықтарын жалға алу – бір сеансы 300 теңге

Нұсқаушы қызметтері – сағаты 4000 теңге

Нұсқаушы қызметтері – 30 минуты 2000 теңге

Жайлы мінбер – 1 адамға 700 теңге

Жайлы мінбер – 5 адамға 3000 теңге

Конькиді қайрау:

Жалға берілетін конькилерді қайрау – бір жұбы 300 теңге

«Жүзге» лайық қайрау – бір жұбы 1000 теңге

«Алаңға» лайық қайрау – бір жұбы 1500 теңге

Z қайрау (екі еселенген жүз) – бір жұбы 2000 теңге

Мұзда сырғанау сеансы

Демалыс және мереке күндері

1-ші сеанс
Кіру билеті – 2000тг/сеанс
Жеңілдік билет – бір сеансы 1200 теңге
Балалар билеті (7 - 13 жас) – бір сеансы 600 теңге
Конькилерді жалға алу – бір сеансы 1200 теңге
Қорғаныс жиынтығын жалға алу – бір сеансы 500 теңге
Көмекшіні (китті, итбалықты) жалға алу – сағаты 1000 теңге
Көмекшіні (китті, итбалықты) жалға алу – 30 минуты 500 теңге
Көмекшіні (пластикті) жалға алу – сағаты 1000 теңге
Аяқкиім гардеробының ұяшықтарын жалға алу – бір сеансы 300 теңге
Нұсқаушы қызметтері – сағаты 4000 теңге
Нұсқаушы қызметтері – 30 минуты 2000 теңге
Жайлы мінбер – 1 адамға 700 теңге
Жайлы мінбер – 5 адамға 3000 теңге
Конькиді қайрау:
Жалға берілетін конькилерді қайрау – бір жұбы 300 теңге
«Жүзге» лайық қайрау – бір жұбы 1000 теңге
«Алаңға» лайық қайрау – бір жұбы 1500 теңге

Z қайрау (екі еселенген жүз) – бір жұбы 2000 теңге

2, 3, 4-ші сеанстар

Кіру билеті – 2800тг/сеанс
Жеңілдік билет – 1800тг/сеанс
Балалар билеті (7 - 13 жас) – бір сеансы 1000 теңге
Конькилерді жалға алу – бір сеансы 1200 теңге
Қорғаныс жиынтығын жалға алу – бір сеансы 500 теңге
Көмекшіні (китті, итбалықты) жалға алу – сағаты 1000 теңге
Көмекшіні (китті, итбалықты) жалға алу – 30 минуты 500 теңге
Көмекшіні (пластикті) жалға алу – сағаты 1000 теңге
Аяқкиім гардеробының ұяшықтарын жалға алу – бір сеансы 300 теңге
Нұсқаушы қызметтері – сағаты 4000 теңге
Нұсқаушы қызметтері – 30 минуты 2000 теңге
Жайлы мінбер – 1 адамға 700 теңге
Жайлы мінбер – 5 адамға 3000 теңге
Конькиді қайрау:
Жалға берілетін конькилерді қайрау – бір жұбы 300 теңге
«Жүзге» лайық қайрау – бір жұбы 1000 теңге
«Алаңға» лайық қайрау – бір жұбы 1500 теңге

Z қайрау (екі еселенген жүз) – бір жұбы 2000 теңге

2. МҰЗ АЙДЫНЫНА КЕЛУШІЛЕР ҚҰҚЫЛЫ:
  • Төленген уақыт пен сеанс шегінде мұз аренасында болуға;
  • Өзімен бірге коньки алып келуге немесе жалға алу орнында коньки мен басқа құрал-жабдықтарды жалға алуға;
  • Қажетті ақпаратты алу үшін Кешен қызметкерлеріне жүгінуге;
  • Арнайы бөлінген орындарда тамақ жеуге және сусындарды (спирттік ішімдіктерді қоспағанда) ішуге;
  • Арнайы бөлінген орындардағы мінбелерде болуға;
  • Қажет болған жағдайда медициналық пунктте шұғыл алғашқы медициналық көмек алуға;
  • Әкімшілік нөмір, жетон табылғанға немесе соңғы Келуші шыққанға дейін Келушіге заттарды қайтармау құқығын өзіне қалдырады. Нөмірді жоғалтқаны үшін 500 теңге көлемінде айыппұл салынады. Төлем тек «МЕДЕУ» МҰЗ АЙДЫНЫНЫҢ» www.medeu.kz ресми сайтында, сондай-ақ ресми серіктестердің ресурстарында тек онлайн жүзеге асырылады.
3.МҰЗДА СЫРҒАНАУҒА КЕЛУШІЛЕР МІНДЕТТІ:
  • Кешенге келу ережелерін сақтауға;
  • Өз іс-әрекеттері, Кешенге келу ережелерін бұзғаны немесе абайсызда зиян келтіргені үшін үшінші тұлғалардың алдында жауапты болуға;
  • Келуші коньки/құрал-жабдық берілген уақыттың ішінде коньки/құрал-жабдықты сеанс аяқталғаннан кейін бірден қайтаруға міндетті;
  • Өздерінің меншігі болып табылмайтын ұмытып қалдырылған немесе жоғалтып алынған мүлікті (киім, ақша және басқа заттар) тауып алған жағдайда, Кешен қызметкеріне тапсыруға;
  • Өрт немесе жану, азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін күдікті заттар анықталған жағдайда, дереу әкімшіліктің, күзет қызметінің өкіліне немесе «МЕДЕУ» мұз айдынында» құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға жауапты адамдарға хабарлауға, олардың нұсқауларына сәйкес әрекет етуге;
  • «МЕДЕУ» мұз айдынына» келген соң эвакуациялау жоспарына сәйкес өзінің тұрған жерін анықтауға, апаттық шығу жолдарына баратын қысқа жолдарды белгілеуге, эвакуациялау схемасына және Кешен жұмыскерлерінің нұсқауларына сәйкес өрт (апат) жарияланған кезде әрекет етуге;
  • Мұз алаңында, күту аймағында тазалық пен тәртіпті сақтауға;
  • Арнайы резеңкемен жабдықталған инфрақұрылым шегінде және мұз үстінде ғана конькимен (тыстарсыз) жүруге;
  • Мұз жолында сағат тіліне қарсы сырғанауға;
  • Айналадағылар үшін қауіп тудыратын және жарақат алуға әкелетін және мұз жабынын бүлдіретін іс-әрекеттерге (адамдар көп шоғырланған жерде күрт үдету, жоғары жылдамдықта қауіпті жақындасу, мұзды бүлдіретін тік бұрылу, кенеттен тежелу және т.б.) жол бермеуге;
  • Өзімен бірге мұз айдынына келген кәмелетке толмаған тұлғаларды бақылауды қамтамасыз етуге, аталған тұлғаларды қараусыз қалдырмауға;
  • Мұз сырғанаудың басқа қатысушыларына, келушілерге, қызмет көрсетуші персоналға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты басқа тұлғаларға құрметпен қарауға;
  • Конькиді тек арнайы бөлінген орындарда – арнайы резеңке жабынмен жабылған жалға берудің өлшеу аймағында ауыстыруға және киюге;
  • Сыртқы киім мен аяқкиімді қараусыз қалдырмау, оны гардеробқа тапсыруға кеңес беріледі.
4. КЕЛУШІЛЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
  • Балаларды қолда ұстауға немесе иыққа отырғызуға, балаларды мұз жабынының аумағында арбамен және шанамен сырғанатуға;
  • Мұз аренасында мұзда сырғанау кезінде Келушілердің жайлы және қауіпсіз демалуына кедергі келтіретін хоккей және басқа да ойындарды ойнауға;
  • Мұзда сырғанау кезінде мәнерлеп сырғанау элементтерін орындауға;
  • Мұзда сырғанау шеңберінде жаттығу процесін жүзеге асыру ға;
  • Кешеннің құрал-саймандарын, конькилерін және жалға алынған жабдығын бүлдіру ге;
  • Мұз жабынын бүлдіруге, мұзды конькимен немесе басқа заттармен тесуге, шұқылауға;
  • Кешен Әкімшілігінің келісімінсіз тауарларды таратуға, жарнамалық акциялар өткізуге, кез келген коммерциялық қызметті жүргізуге;
  • Отқа қауіпті, жарылғыш, пиротехникалық бұйымдарды, улы, иісті заттарды, спирттік ішімдіктерді, қарудың кез келген түрін, шанышпалы және кесетін заттарды, психотроптық заттар мен есірткі құралдарын әкелуге және қолдануға;
  • Кешен аумағында арнайы жабдықталған орыннан тыс жерлерде темекі (оның ішінде электронды сигареттер), кальян және т.б. темекі өнімдерін шегуге;
  • Кешеннің аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаю күйінде болуға;
  • Мұз құю кезінде мұз аренасында болуға;
  • Мұз аренасында тамақ жеуге және сусын ішуге;
  • Мұзға қоқыс немесе басқа заттарды лақтыруға, сондай-ақ мұзға конькисіз шығуға;
  • Мұз аренасында спорттық құрал-саймандарды: сырғытпа таяқтарды, шайбаларды, шаналарды және т.б. пайдалануға;
  • «МЕДЕУ» мұз айдынының» аумағына жануарлармен келуге.

5. КЕЛУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:

  • Келуші өз іс-әрекеттерімен басқа Келушілерге немесе Кешеннің мүлкіне келтірілген кез келген залал үшін жауапкершілікте, соның ішінде мүліктік жауапкершілікте болады.
  • Мұз айдынында Келушінің мінез-құлқы үшінші тұлғаларға кедергі келтірмеуі, олардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірмеуге немесе қандай да бір түрде олардың бостандығын шектемеуге тиіс. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер үшін келуші ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
  • Баланы (балаларды) ертіп жүретін келуші оның өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ оның іс-әрекеті және баланың (балалардың) жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен осы Келу ережелерін сақтауы үшін жауапты болады.

6. МҰЗ АЙДЫНЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:

  • Кешенге келушілердің қауіпсіздігін және олардың мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Кешенде жазыла отырып, бейнебақылау жүргізіледі.
  • Әкімшілік: келушілердің денсаулығы, «МЕДЕУ» мұз айдынындағы» жазатайым оқиғалар мен жарақаттар үшін; келушілердің Кешен аумағында қалдырылған мүлкінің сақталуы мен түгелдігі үшін; жалға беру пункттерінің ұяшықтарында қалдырылған және сырғанау сеансы аяқталғаннан кейін талап етілмеген заттардың сақталуы үшін; жалған билеттер және белгіленбеген орындарға сатып алынған билеттер үшін (www.medeu.kz ресми сайтында емес және ресми серіктестерінің ресурстарында емес); осы Келу қағидаларын сақтамаған жағдайда туындаған салдар үшін жауапты болмайды.
  • Белгіленген Ережелерді бұзған жағдайда, www.medeu.kz сайтындағы, сондай-ақ негізгі кіреберістерде орналасқан ақпараттық стендтердегі ақпаратты ескере отырып, осы Ережелерді білмеу туралы шағымдар қабылданбайды.
  • Кешеннің мүлкіне залал келтірілген және/немесе зиян келтірілген жағдайда Әкімшілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғалардан келтірілген залалдың және / немесе келтірілген зиянның орнын толтыруға құқылы.

СІЗДЕРГЕ ЖАҚСЫ ДЕМАЛЫС ТІЛЕЙМІЗ!