САТЫП АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН ЕРЕЖЕЛЕРДІ ОҚЫҢЫЗ

ЕРЕЖЕЛЕР

Тыйым салынады:

  • Балаларды қолда ұстауға немесе иыққа отырғызуға, балаларды мұз жабынының аумағында арбамен және шанамен сырғанатуға
  • Мұз айдынында мұзда сырғанау кезінде Келушілердің жайлы және қауіпсіз демалуына кедергі келтіретін хоккей және басқа да ойындарды ойнауға
  • Мұз айдынында сырғанау кезінде мәнерлеп сырғанау элементтерін орындауға
  • Мұз жабынын бұзуға, мұзды конькимен немесе басқа заттармен тесуге, шұқылауға
  • «МЕДЕУ» мұз айдыны» Әкімшілігінің келісімінсіз тауарларды таратуға, жарнамалық акциялар өткізуге, кез келген коммерциялық қызметті жүргізуге
  • Отқа қауіпті, жарылғыш, пиротехникалық бұйымдарды, улы, иісті заттарды, спирттік ішімдіктерді, қарудың кез келген түрін, шанышпалы және кесетін заттарды, психотроптық заттар мен есірткі құралдарын әкелуге және қолдануға
  • «МЕДЕУ» мұз айдыны» аумағында шылым шегуге
  • «МЕДЕУ» мұз айдыны» аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаю күйінде болуға
  • Мұзды құю кезінде мұз аренасында болуға
  • Мұз аренасында тамақ жеп, сусындар ішуге
  • Мұзға қоқыс немесе басқа заттарды лақтыруға, сондай-ақ мұзға конькисіз шығуға
  • Мұз аренасында спорттық құрал-саймандарды: сырғытпа таяқтарды, шайбаларды, шаналарды және т.б. пайдалануға
  • «МЕДЕУ» мұз айдынының» аумағына жануарлармен келуге
  • «МЕДЕУ» мұз айдынынан» конькиді және жалға алынған өзге де құрал-саймандарды тысқары шығаруға

Ережелерді бұзғаны үшін Әкімшілік тәртіп бұзушыдан төленген қызметтердің құнын өтеместен Кешен аумағынан кетуді талап етуге құқылы. Коньки тебу және роликпен сырғанау кезінде алған жарақаттары үшін Кешен әкімшілігі жауап бермейді. Кешен аумағынан уақытша кеткен кезде, бірінші турникеттегі бақылаушыдан бір сеанс аясында қайта кіру мүмкіндігі үшін рұқсатнама алу қажет. Рұқсатнаманы үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

Төленген билеттер мен қызметтер билетте көрсетілген күн мен сеанс үшін ғана жарамды. 

«МЕДЕУ» мұз айдынына» келушілер міндетті:

1. Мұз айдынының барлық қатысушыларына құрметпен қарауға;
2. Кешеннің мүлкіне және прокат жабдықтарына ұқыпты қарауға;
3. Тек сағат тіліне қарсы бағытта сырғанауға.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

• Кешенге келуші – белгіленген Тарифтерге (кесте, ұсынылатын қызметтердің тізбесі мен құны ақпараттық стендтерде, сондай-ақ www.medeu.kz сайтында көрсетілген) сәйкес кіру билетін төлеген тұлға.

Кешен – жалға беру павильондарын, техникалық құрылыстар мен жабдықтарды, мінбелерді, көркем безендіру элементтерін және мұз аренасын қамтитын кеңістік.
• Келуші өзі үшін сырғанаудың қауіпсіздік дәрежесін өз бетінше анықтайды, сырғанау туралы шешім қабылдайды және өзінің денсаулығына Кешенге келуден туындаған қолайсыз салдар үшін тәуекелді алады. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы сырғанаудың қауіпсіздік дәрежесін өз бетінше анықтайды, баланың сырғанауы туралы шешім қабылдайды және оның денсаулығына Кешенге келуден туындаған қолайсыз салдар үшін тәуекелді алады.
• Кешенге кіру кіру билеттері бойынша жүзеге асырылады. Кіру билеттерін және қосымша қызметтерді сату (конькилерді, қорғаныс жабдықтарын жалға алу, қосалқы құрал-жабдықты, нұсқаушы қызметтерін жалға алу) www.medeu.kz ресми сайтында және ресми серіктестердің ресурстарында жүзеге асырылады.
• Қызметтерді www.medeu.kz ресми сайтынан және серіктестердің сайттарынан тыс жерде төлеуге қатаң тыйым салынады. Әкімшілік үшінші тұлғаларға төленген қызметтерді көрсетуден бас тартуға құқылы.
• Кешенге кіру белгіленген қозғалыс бағыттарына сәйкес Орталық қақпа (солтүстік), Солтүстік-шығыс қақпа арқылы жүзеге асырылады.
• Кешенге кіру сеанс басталғанға дейін 30 минут бұрын ашылады. Карантиндік шаралар немесе ауа райы қиын болған жағдайда Әкімшілік инфрақұрылымды келушілерді қабылдауға тиісті дайындау үшін сеанстың басталуын кешіктіру құқығын өзіне қалдырады.
• Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында демалыс және мереке күндері турникеттер сеанс басталғанға дейін 30 минут бұрын ашылады, мұзға шығу кестеге сәйкес жүргізіледі. Сеанс басталғанға дейін келушілер конькиді жалға алуда, кафеде, 2-қабаттағы аяқ киімді ауыстыру аймағында, сондай-ақ мінберлерде бола алады.
• 14 жасқа дейінгі балаларға мұз аренасында қорғаныс шлемдерін, тізе төсемдерін және шынтақ төсемдерін киіп жүруге кеңес беріледі.
• 12 жасқа дейінгі балаларға «Medey kids» алаңының аймағында сырғанауға кеңес беріледі. Қауіпсіздік мақсатында балаларды «Кит» көмекшілерімен балалар алаңынан тыс жерде сырғанатуға кеңес берілмейді.
• Билетіңізді сеанстың соңына дейін сақтаңыз. Билетте барлық төленген қызметтердің тізімі бар. Конькилерді, көмекшіні алу, нұсқаушының қызметтерін және басқа ақылы қызметтерді пайдалану үшін штрих-коды/QR-коды бар билетті көрсету қажет.
• Конькиді жалға беру пунктіне кіру санитарлық және эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып, 1 кіру (бірінші кіру есігі), 2/3/4 шығу (кіру есігі) арқылы жүзеге асырылады.
• Жалға беру қызметтерін пайдалану үшін жалға беру операторына төленген билетті көрсету қажет. Конькилерді және/немесе қорғаныс жиынтығын берген кезде билетке арнайы белгі қойылады. Бұл белгі турникетті бұғаттайды және клиентке мұз айдынынан шығуға мүмкіндік бермейді.
• Жалға алынған құрал-жабдықты пайдалану аяқталғаннан кейін Келуші конькилерді/құрал-жабдықты қайтаруға міндетті. Жалға беру операторы құрал-жабдықты қабылдап алып, билеттен белгіні алып тастайды. Клиент өз билетін баса отырып, кіру/шығу турникеті арқылы Кешеннен кедергісіз өте алады.
• Конькиді/құрал-жабдықты жалға алмас бұрын, Келуші оларды тексеруге міндетті. Келушілердің құрал-жабдықты алу фактісі конькилер мен құрал-жабдықтың тиісті техникалық күйде екенін және пайдалануға жарамды екенін растайды.
• Жалға беру қызметін пайдалану аяқталғаннан кейін Келуші табиғи тозуды ескере отырып, конькилерді/құрал-жабдықтарды Келуші қабылдаған күйде қайтаруға міндетті.
• Жоғалған немесе бүлінген жағдайда (жалға алынған құрал-жабдықты жалға беру пунктінде қабылдап алғаннан нашар, табиғи тозудан тыс қайтарған жағдайда) Келуші қолданыстағы Тарифтерге* сәйкес жоғалған/бүлінген құрал-жабдық құны мөлшерінде материалдық залалды өтеуге міндетті.
• Жалға берілетін конькилермен бірге сіз бір реттік шұлық аласыз.
• Конькиді өлшеу тікелей беру орнында жүргізіледі және қажет болған жағдайда айырбастау жүзеге асырылады.
• Киім ауыстыру аймағында немесе стендтерде қалдырылған заттар үшін әкімшілік жауап бермейді.
• Нұсқаушылар жиналатын орын «Medey kids» алаңында орналасқан.
• Қарды тазалау және мұзды дайындау бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты, қауіпсіздік мақсатында келушілер сеанс аяқталғаннан кейін, тіпті келесі сеансқа кіру билеті болған кезде де мұз аренасынан бірден кетуге міндетті; Кешен аумағынан – сеанс аяқталғаннан кейін он бес минуттан кешіктірмей кетуге міндетті. Шығу тиісті навигациямен жабдықталған Солтүстік-шығыс қақпасы арқылы жүзеге асырылады.
• Кіру билетін сатып ала отырып, келуші кешенге келу ережелерімен келісетінін растайды.
• Келесі тұлғалардың тегін кіру құқығы бар: 0 жастан 6 жасқа дейінгі балалар; зейнеткерлер; Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері; Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар; I, II және III топтағы мүгедектер; көп балалы отбасынан шыққан, 18 жасқа толмаған балалар; балалар үйінде тәрбиеленуші балалар. Бұл тұлғалар бақылау-өткізу пунктінде растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
• Жеңілдікті билеттерді сатып алған келушілер жеңілдікті алу үшін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

2. МҰЗ АЙДЫНЫНА КЕЛУШІЛЕР ҚҰҚЫЛЫ:
• Төленген уақыт пен сеанс шегінде мұз аренасында болуға;
• Өзімен бірге коньки алып келуге немесе жалға алу орнында коньки мен басқа құрал-жабдықтарды жалға алуға;
• Қажетті ақпаратты алу үшін Кешен қызметкерлеріне жүгінуге;
• Арнайы бөлінген орындарда тамақ жеуге және сусындарды (спирттік ішімдіктерді қоспағанда) ішуге;
• Арнайы бөлінген орындардағы мінбелерде болуға;
• Қажет болған жағдайда медициналық пунктте шұғыл алғашқы медициналық көмек алуға;
• Әкімшілік нөмір, жетон табылғанға немесе соңғы Келуші шыққанға дейін Келушіге заттарды қайтармау құқығын өзіне қалдырады. Нөмірді жоғалтқаны үшін 500 теңге көлемінде айыппұл салынады. Төлем тек «МЕДЕУ» МҰЗ АЙДЫНЫНЫҢ» www.medeu.kz ресми сайтында, сондай-ақ ресми серіктестердің ресурстарында тек онлайн жүзеге асырылады.

3. МҰЗДА СЫРҒАНАУҒА КЕЛУШІЛЕР МІНДЕТТІ:
• Кешенге келу ережелерін сақтауға;
• Өз іс-әрекеттері, Кешенге келу ережелерін бұзғаны немесе абайсызда зиян келтіргені үшін үшінші тұлғалардың алдында жауапты болуға;
• Келуші коньки/құрал-жабдық берілген уақыттың ішінде коньки/құрал-жабдықты сеанс аяқталғаннан кейін бірден қайтаруға міндетті;
• Өздерінің меншігі болып табылмайтын ұмытып қалдырылған немесе жоғалтып алынған мүлікті (киім, ақша және басқа заттар) тауып алған жағдайда, Кешен қызметкеріне тапсыруға;
• Өрт немесе жану, азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін күдікті заттар анықталған жағдайда, дереу әкімшіліктің, күзет қызметінің өкіліне немесе «МЕДЕУ» мұз айдынында» құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға жауапты адамдарға хабарлауға, олардың нұсқауларына сәйкес әрекет етуге;
• «МЕДЕУ» мұз айдынына» келген соң эвакуациялау жоспарына сәйкес өзінің тұрған жерін анықтауға, апаттық шығу жолдарына баратын қысқа жолдарды белгілеуге, эвакуациялау схемасына және Кешен жұмыскерлерінің нұсқауларына сәйкес өрт (апат) жарияланған кезде әрекет етуге;
• Мұз алаңында, күту аймағында тазалық пен тәртіпті сақтауға;
• Арнайы резеңкемен жабдықталған инфрақұрылым шегінде және мұз үстінде ғана конькимен (тыстарсыз) жүруге;
• Мұз жолында сағат тіліне қарсы сырғанауға;
• Айналадағылар үшін қауіп тудыратын және жарақат алуға әкелетін және мұз жабынын бүлдіретін іс-әрекеттерге (адамдар көп шоғырланған жерде күрт үдету, жоғары жылдамдықта қауіпті жақындасу, мұзды бүлдіретін тік бұрылу, кенеттен тежелу және т.б.) жол бермеуге;
• Өзімен бірге мұз айдынына келген кәмелетке толмаған тұлғаларды бақылауды қамтамасыз етуге, аталған тұлғаларды қараусыз қалдырмауға;
• Мұз сырғанаудың басқа қатысушыларына, келушілерге, қызмет көрсетуші персоналға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты басқа тұлғаларға құрметпен қарауға;
• Конькиді тек арнайы бөлінген орындарда – арнайы резеңке жабынмен жабылған жалға берудің өлшеу аймағында ауыстыруға және киюге;
• Сыртқы киім мен аяқкиімді қараусыз қалдырмау, оны гардеробқа тапсыруға кеңес беріледі.


4. КЕЛУШІЛЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
• Балаларды қолда ұстауға немесе иыққа отырғызуға, балаларды мұз жабынының аумағында арбамен және шанамен сырғанатуға;
• Мұз аренасында мұзда сырғанау кезінде Келушілердің жайлы және қауіпсіз демалуына кедергі келтіретін хоккей және басқа да ойындарды ойнауға;
• Мұзда сырғанау кезінде мәнерлеп сырғанау элементтерін орындауға;
• Мұзда сырғанау шеңберінде жаттығу процесін жүзеге асыруға;
• Кешеннің құрал-саймандарын, конькилерін және жалға алынған жабдығын бүлдіру ге;
• Мұз жабынын бүлдіруге, мұзды конькимен немесе басқа заттармен тесуге, шұқылауға;
• Кешен Әкімшілігінің келісімінсіз тауарларды таратуға, жарнамалық акциялар өткізуге, кез келген коммерциялық қызметті жүргізуге;
• Отқа қауіпті, жарылғыш, пиротехникалық бұйымдарды, улы, иісті заттарды, спирттік ішімдіктерді, қарудың кез келген түрін, шанышпалы және кесетін заттарды, психотроптық заттар мен есірткі құралдарын әкелуге және қолдануға;
• Кешен аумағында арнайы жабдықталған орыннан тыс жерлерде темекі (оның ішінде электронды сигареттер), кальян және т.б. темекі өнімдерін шегуге;
• Кешеннің аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаю күйінде болуға;
• Мұз құю кезінде мұз аренасында болуға;
• Мұз аренасында тамақ жеуге және сусын ішуге;
• Мұзға қоқыс немесе басқа заттарды лақтыруға, сондай-ақ мұзға конькисіз шығуға;
• Мұз аренасында спорттық құрал-саймандарды: сырғытпа таяқтарды, шайбаларды, шаналарды және т.б. пайдалануға;
• «МЕДЕУ» мұз айдынының» аумағына жануарлармен келуге.


5. КЕЛУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:
• Келуші өз іс-әрекеттерімен басқа Келушілерге немесе Кешеннің мүлкіне келтірілген кез келген залал үшін жауапкершілікте, соның ішінде мүліктік жауапкершілікте болады.
• Мұз айдынында Келушінің мінез-құлқы үшінші тұлғаларға кедергі келтірмеуі, олардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірмеуге немесе қандай да бір түрде олардың бостандығын шектемеуге тиіс. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер үшін келуші ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
• Баланы (балаларды) ертіп жүретін келуші оның өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ оның іс-әрекеті және баланың (балалардың) жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен осы Келу ережелерін сақтауы үшін жауапты болады.
6. МҰЗ АЙДЫНЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:
• Кешенге келушілердің қауіпсіздігін және олардың мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Кешенде жазыла отырып, бейнебақылау жүргізіледі.
• Әкімшілік: келушілердің денсаулығы, «МЕДЕУ» мұз айдынындағы» жазатайым оқиғалар мен жарақаттар үшін; келушілердің Кешен аумағында қалдырылған мүлкінің сақталуы мен түгелдігі үшін; жалға беру пункттерінің ұяшықтарында қалдырылған және сырғанау сеансы аяқталғаннан кейін талап етілмеген заттардың сақталуы үшін; жалған билеттер және белгіленбеген орындарға сатып алынған билеттер үшін (www.medeu.kz ресми сайтында емес және ресми серіктестерінің ресурстарында емес); осы Келу ережелерін сақтамаған жағдайда туындаған салдар үшін жауапты болмайды.
• Белгіленген Ережелерді бұзған жағдайда, www.medeu.kz сайтындағы, сондай-ақ негізгі кіреберістерде орналасқан ақпараттық стендтердегі ақпаратты ескере отырып, осы Ережелерді білмеу туралы шағымдар қабылданбайды.
Кешеннің мүлкіне залал келтірілген және/немесе зиян келтірілген жағдайда Әкімшілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғалардан келтірілген залалдың және / немесе келтірілген зиянның орнын толтыруға құқылы. 

БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • Медеуге» бару және қызметтерді алу үшін сатып алынған билеттер сеанс басталғанға дейін бір күннен кешіктірілмей айырбасталады және қайтарылады. Соңғы уақытта билеттер сеанс жойылған немесе ауыстырылған жағдайда ғана айырбасталады және қайтарылады.
  • Айырбастау кез келген таңдалған күні өтініш берген күннен бастап үш күн бұрын жүзеге асырылады. Егер билет бағасы әр түрлі болса, жұмыс күні сатып алынған билетті демалыс күніндегі билетке айырбастауға болмайды. Билетті бір реттен артық айырбастауға болмайды.
  • Билет Сатып алушыға қайтарылған жағдайда Сервистік алым ұсталмайды. 
  • Келуші билетті тіркей отырып, турникет арқылы өткен жағдайда билет қайтарылмайды және айырбасталмайды.
  • Клиенттің банк картасына ақшалай қаражатты қайтару 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.  

Мен Ережелерді оқыдым және келісемін