Ережелер

«МЕДЕУ» мұз айдынындағы» мұзда сырғанау регламенті.

Тыйым салынады:
  • Балаларды қолдарында көтеріп жүруге немесе оларды иығына отырғызуға, балаларды мұз айдыны аумағында арба және шанамен сүйреуге;
  • Мұзда сырғанау кезінде басқа Келушілердің демалысына кедергі келтіретін хоккей және басқа ойындар ойнауға;
  • Мұзда сырғанау кезінде мәнерлеп сырғанау элементтерін орындауға;
  • Мұз жабындысын бұзуға, мұзды конькимен немесе басқа заттармен тесуге және қазуға;
  • «Медеу» мұз айдыны» Әкімшілігінің келісімінсіз тауарларды таратуға, жарнамалық акциялар өткізуге, кез келген коммерциялық қызметті жүргізуге;
  • Тез тұтанатын, жарылғыш, пиротехникалық бұйымдарды, улы, өткір иісті заттарды, алкогольдік сусындарды, қарудың кез келген түрін, тесетін және кесетін заттарды, психотроптық заттар мен есірткі құралдарын әкелуге және пайдалануға;
  • «МЕДЕУ» мұз айдыны» аумағында темекі шегуге;
  • «Медеу» мұз айдыны» аумағында алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болуға;
  • Мұзға су құю кезінде мұз аренасында болуға;
  • Мұз алаңында тамақ жеуге және сусын ішуге;
  • Қоқысты немесе басқа заттарды мұзға лақтыру, сондай-ақ конькисіз мұзға шығуға;
  • Мұз алаңында спорттық құралдарды: сырғытпа таяқтарды, шайбаларды, шаналарды пайдалануға;
  • «МЕДЕУ» мұз айдыны» аумағына жануарлармен келуге;
  • «МЕДЕУ» мұз айдынынан» конькилер мен басқа да жалға берілетін құрал-жабдықтарды алып шығуға;

Ережені бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушыдан Кешен аумағынан ақылы қызметтердің құнын өтемей кетуді талап етуге құқылы.
Сырғанау кезінде алған жарақаттары үшін Кешен әкімшілігі жауап бермейді.
Кешен аумағынан уақытша шығар алдында, бірінші турникеттегі бақылаушыдан қайта кіру мүмкіндігі үшін рұқсаттама алу қажет. Рұқсаттаманы үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Төленген билеттер мен қызметтер тек билетте көрсетілген күнге және сеанстарға жарамды.
«МЕДЕУ» мұз айдынына» келушілер міндетті:
1.Мұз айдынының барлық қатысушыларына құрметпен қарауға;
2. «Медеу» мұз айдынына» кіру билеттерін сатып алу www.medeu.kz ресми сайтында және серіктестердің Kaspi.kz және Halyk интернет-ресурстарында онлайн режимінде жүзеге асырылады.
3. Кешеннің мүлкіне және жалға берілетін жабдыққа ұқыптылықпен қарау;
4. Мұз жолында сағат тіліне қарсы бағытта жүруге;

«МЕДЕУ» мұз айдынында» (бұдан әрі – Кешен) мұзда сырғанау.

КЕЛУШІЛЕР ҮШІН ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереженің мақсаты – «Медеу» мұз айдыны» аумағында мұзда сырғанау қызметтерін пайдалану кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • Кешенге келуші- бекітілген Тарифтерге сәйкес кіреберіс билетін төлеген тұлға (қызметтердің кестесі, тізімі және құны ақпараттық стендтерде, сондай-ақ www.medeu.kz сайтында көрсетілген);
  • Кешен- жалға берілетін павильондарды, техникалық құрылымдар мен жабдықтарды, стендтерді, көркем дизайн элементтерін және мұз аренасын қамтитын кеңістік;
  • Келуші мұзда сырғанауға қауіпсіздік деңгейін өзі анықтап, сырғанау туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ Кешенді аралаудың салдарынан денсаулығына зиян келтіретін жағдайлардың тәуекелін өз мойнына алады. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы сырғанау қауіпсіздігін өзі анықтап, баланың сырғанауына шешім қабылдайды және Кешенді аралаудың салдарынан баланың денсаулығына зиян келтіретін жағдайлардың тәуекелін өз мойнына алады;
  • Кешенге кіру билеттер арқылы жүзеге асырылады. Кіру билеттері мен қосымша қызметтердің (конькиді жалға беру, қорғаушы киімдермен жабдықтау, көмекші құрал-жабдықтарды жалға беру, нұсқаушы қызметтері) сатылымы ресми сайт - www.medeu.kz және ресми серіктестер сайттарында жүзеге асырылады;
  • Ресми сайт - www.medeu.kz және серіктес сайттардан тыс қызметтерді төлеу қатаң тыйым салынады. Әкімшілік үшінші тұлғаларға төленген қызметтерді көрсетуден бас тартуға құқылы;
  • Кешенге кіру Орталық қақпа (солтүстік) арқылы , шығу Солтүстік-шығыс қақпасы арқылы, белгіленген қозғалыс бағыттарына сәйкес жүреді;
  • Ауа-райының қолайсыздығы жағдайында Әкімшілік келушілерді қабылдау үшін инфрақұрылымды дұрыс дайындау үшін сессияның басталуын кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады;
  • Демалыс және мереке күндері келушілердің турникеттер арқылы өтуі сеанс басталғанға дейін 10 минут бұрын жүзеге асырылады, мұзға шығу кестеге сәйкес жүргізіледі. Сеанс басталар алдында келушілер коньки ауыстыратын жерде, кафеде, 2-қабаттағы аяқ киім ауыстыратын жерде, сондай-ақ трибуналарда бола алады;
  • 14 жасқа дейінгі балаларға мұз аренасында қорғаныш дулыға, тізе және шынтақ қорғағыштарын кию ұсынылады;
  • 12 жасқа дейінгі балаларға «Medeykids»алаңында сырғанау ұсынылады. Қауіпсіздік мақсатында балаларды ойын алаңынан тыс «Кит» көмекшілеріне мінгізу ұсынылмайды;
  • Билетті сессияның соңына дейін сақтаңыз. Билетте барлық төленген қызметтердің тізімі бар. Коньки, көмекші, нұсқаушы қызметтерін және басқа да ақылы қызметтерді пайдалану үшін штрих-код/QR-коды бар билетті көрсету қажет;
  • Киім ауыстыру аймағында немесе трибуналарда қалдырылған заттар үшін әкімшілік жауап бермейді;
  • Нұсқаушылардың кездесу орны «Medeykids» алаңында орналасқан;
  • Қар тазалау және мұз дайындау бойынша жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты қауіпсіздік мақсатында келушілер сеанс аяқталғаннан кейін, тіпті келесі сеансқа кіру билеті болса да, мұз аренасынан бірден, ал Кешен аумағынан - сессия аяқталғаннан кейін он бес минуттан кешіктірмей шығуға міндетті. Шығу тиісті навигациямен жабдықталған Солтүстік-шығыс қақпасы арқылы жүзеге асырылады;
  • Кіру билетін сатып ала отырып, келуші кешенде болу ережелерімен келісетінін растайды;
  • Тегін билеттерді келесі тұлғалар ала алады: 0-ден 6 жасқа дейінгі балалар; зейнеткерлер; Ұлы Отан соғысының ардагерлері; Ауғанстан аумағында әскери әрекеттерге қатысушылар; 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқандар; I және II топтағы мүгедектер; 18 жасқа толмаған көпбалалы отбасылардағы балалар; балалар үйінің тәрбиеленушілері. Бұл тұлғалар бақылау-өткізу пунктінде растайтын құжаттарды көрсетулері тиіс.

2. МҰЗ АЙДЫНЫНА КЕЛУШІЛЕР ҚҰҚЫЛЫ:
  • Мұз аренасында төленген уақыт және сеанс шегінде болуға;
  • Өз конькилерін алып келуге және онымен сырғанауға, немесе коньки мен басқа жабдықтарды жалға алу пунктінен алуға;
  • Қажетті ақпарат алу үшін Кешен қызметкерлеріне жүгінуге;
  • Тамақтану және сусындарды (спирттік ішімдіктерді қоспағанда) арнайы белгіленген орындарда тұтынуға;
  • Трибунада арнайы рұқсат етілген орындарда болуға;
  • Қажет болған жағдайда медициналық пунктте жедел бастапқы медициналық көмек алуға;
  • Әкімшілік нөмірді , жетон немесе соңғы Келушінің шығуы анықталғанға дейін заттарды Келушіге қайтармау құқығын өзінде қалдырады. Нөмірді жоғалтқан үшін 500 теңге көлемінде айыппұл салынады. Төлем тек онлайн арқылы «МЕДЕУ» мұз айдынының» www.medeu.kz- ресми сайтында , сондай-ақ ресми серіктестердің ресурстарында жүзеге асырылады.

3. МҰЗ АЙДЫНЫНА КЕЛУШІЛЕР МІНДЕТТІ:
  • Кешенде болу ережелерін сақтауға;
  • Келушілер «Медеу» мұз айдынында» болу ережелерін бұзған жағдайда немесе абайсызда келтірілген зиян үшін үшінші тұлғалар алдында жауапты болады;
  • Меншігі болып табылмайтын мүлік (киім, ақша және өзге де заттар) табылған жағдайда, оларды міндетті түрде Кешен қызметкерлеріне тапсыру қажет;
  • Өрт немесе жану жағдайында, сондай-ақ азаматтарға қауіпті болуы мүмкін күдікті заттар пайда болған кезде, «Медеу» мұз айдынының» әкімшілігіне, күзет қызметі өкіліне немесе құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға жауапты тұлғаларға дереу хабарлау және олардың нұсқауларына сәйкес әрекет етуге;
  • «Медеу» мұз айдынына» келгеннен кейін эвакуациялау Жоспарына сәйкес өзінің орналасқан жерін анықтап, апаттық шығулардың ең қысқа жолдарын белгілеп, өрт (апат) туындаған кезде эвакуациялау сызбасына және Кешен қызметкерлерінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге;
  • Мұз аренасында тазалық пен тәртіпті сақтауға;
  • Конькимен (қапсыз) тек арнайы резинамен жабдықталған алаңда және мұзда сырғанауға;
  • Мұз жолында сағат тіліне қарсы бағытта жүруге;
  • Айналадағы адамдарға қауіп тудыруы және жарақат алуына себеп болуы немесе мұз жабындысын бұзуы мүмкін әрекеттерге жол бермеуге (көп адамдар жиналған жерде кенеттен жылдамдықты арттыру, жоғары жылдамдықпен басқаларға жақындау, мұзды зақымдайтын күрт бұрылыстар, кенеттен тежелу және т.б.).
  • Кәмелетке толмаған тұлғаларды мұзда сырғанауға алып келгенде, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды қараусыз қалдырмауға;
  • Мұзда сырғанау кезінде барлық қатысушыларға, келушілерге, қызмет көрсету персоналына және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға жауапты тұлғаларға құрметпен қарауға;
  • Сырт киімді және аяқ киімді қараусыз қалдырмау, оларды гардеробқа тапсыру ұсынылады.

4.КЕЛУШІЛЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
  • Балаларды қолдарында көтеріп жүруге немесе оларды иығына отырғызуға, балаларды мұз айдыны аумағында арба және шанамен сүйреуге;
  • Мұзда сырғанау кезінде басқа келушілердің демалысына кедергі келтіретін хоккей және басқа ойындар ойнауға;
  • Мұзда сырғанау кезінде мәнерлеп сырғанау элементтерін орындауға;
  • Мұз айдыны шеңберінде мұзда жаттығу процесін жүзеге асыруға;
  • Мұз жабындысын бұзуға, мұзды конькимен немесе басқа заттармен тесуге және қазуға;
  • Кешен Әкімшілігінің келісімінсіз тауарларды таратуға, жарнамалық акциялар өткізуге, кез келген коммерциялық қызметті жүргізуге;
  • Тез тұтанатын, жарылғыш, пиротехникалық бұйымдарды, улы, өткір иісті заттарды, алкогольдік сусындарды, қарудың кез келген түрін, тесетін және кесетін заттарды, психотроптық заттар мен есірткі құралдарын әкелуге және пайдалануға;
  • Кешен аумағында темекі (оның ішінде электрондық темекі) және басқа да темекі өнімдерін шегуге;
  • Кешен аумағында алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болуға;
  • Мұзға су құю кезінде мұз аренасында болуға;
  • Мұз алаңында тамақ жеуге және сусын ішуге;
  • Қоқысты немесе басқа заттарды мұзға лақтыру, сондай-ақ конькисіз мұзға шығуға;
  • Мұз алаңында спорттық құралдарды: сырғытпа таяқты, шайбаларды, шаналарды пайдалануға;
  • «МЕДЕУ» мұз айдыны» аумағына жануарлармен келуге;
  • Кешен аумағынан тыс конькилер мен басқа да жалға берілетін құрал-жабдықтарды алып шығуға;

5. КЕЛУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:
  • Келуші өзінің іс-әрекетімен басқа Келушілерге немесе Кешеннің мүлкіне келтірілген кез келген залал үшін, оның ішінде мүліктік залал үшін жауап береді;
  • Мұз айдынындағы Келушінің мінез-құлқы үшінші тұлғаларға кедергі келтірмеуі, олардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірмеуі немесе олардың бостандығын қандай да бір түрде шектемеуі тиіс. Жоғарыда көрсетілген әрекеттер үшін Келуші ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жауаптылықта болады;
  • Баланы (балаларды) ертіп жүретін Келуші оның өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі үшін, сондай-ақ бала (балалар) тарапынан жалпы қабылданған мінез-құлық ережелеріне және осы келу Ережелеріне сәйкес болуына жауап береді;

7. МҰЗ АЙДЫНЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:
  • Кешенге келушілердің қауіпсіздігін және Кешендегі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін тіркеу арқылы бейнебақылау жүргізіледі;
  • Әкімшілік келушілердің денсаулығына, «МЕДЕУ» мұз айдынында» болған кездегі оқыс оқиғалар мен жарақаттарға; Кешен аумағында қалдырылған Келушілер мүлкінің сақталуына және бүтінділігіне; жалға алу пунктінің ұяшықтарында қалдырылған және сырғанау сеансы аяқталғаннан кейін алынбаған заттардың сақталуына; жалған билеттер мен белгіленбеген жерлерде (ресми сайт - www.medeu.kz және ресми серіктестер ресурстарында емес) сатып алынған билеттер үшін; осы келу Ережелерінің сақталмауы салдарынан туындаған жағдайларға жауап бермейді;
  • www.medeu.kz веб-сайтында, сондай-ақнегізгі кіреберістерде орналасқан ақпараттық стендтердегі қолжетімді ақпаратты ескере отырып, белгіленген Ережелерді бұзған жағдайда осы Ережені білмеу туралы шағымдар қабылданбайды;
  • Кешеннің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда және/немесе зиянға ұшыраған жағдайда, Әкімшілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғалардан келтірілген зиянды және/немесе келтірілген залалды өтеуге құқылы;


БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • «Медеу» мұз айдынында қызметтерді алу және келу үшін сатып алынған билеттер сеанс басталғанға дейін бір күннен кешіктірілмесе айырбастауға және қайтарылуға жатады. Кейінгі мерзімдерде билеттер сеанс болмаған немесе ауыстырылған жағдайда ғана айырбастауға және қайтарылуға жатады.
  • Айырбастау өтінім берілген күннен бастап бес күн бұрын кез келген таңдалған күнге жүргізіледі. Жұмыс күніне сатып алынған билетті, егер билеттердің құны әртүрлі болса, демалыс күнгі билетке айырбастауға болмайды. Билетті бірнеше рет айырбастауға болмайды.
  • Билет Сатып алушыға қайтарылған жағдайда Сервистік алым ұсталмайды.
  • Клиенттің банк картасына ақшалай қаражатты қайтару 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Байланыс
Телефон нөмірі: +7 708 848 9530
Мекен - жайы: Алматы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек Хандар көшесі, 465
Белгішені нұқыңыз және Whatsapp чатына өтіңіз
WhatsApp